Абель Санчес: Альварес Чавеске қарсы өзін мықты қырынан көрсетті

Абель Санчес: Альварес Чавеске қарсы өзін мықты қырынан көрсетті

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, Сауль Альварес отандасы Хулио Сезар Чавесті еш қиындықсыз ұтты. 

«Альварес Чавеске қарсы өзін мықты қырынан көрсетті. Әдемі комбинациялар жасап, басым жеңіске қол жеткізді. Алайда келесі оның қарсыласы Головкин. Менің ойымша, бұл тамаша жекпе-жек болмақ. Мұндай кездесуді бір рет емес, екі-үш рет өткізуге болады», - деді Санчес BoxingScene сайтына. 

Естеріңізге сала кетсек, 6-шы мамыр күні Лас-Вегас қаласында Сауль Альварес Чавесті ұпай шешімімен жеңіп, қыркүйектің 16-ы Геннадий Головкинмен жұдырықтасатынын айтты. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или