Франческа Скьявоне: Жасым жайлы сұрақтар мені шаршатты
Теннистен Италия құрамасының мүшесі Франческо Скьявоне Мадрид турниріндегі жеңілістен кейін өз ойымен бөлісті.
«Теннис тез дамуда. Кеше ғана биік шыңның үстінде тұрған едім. Қазір барлығы мені ұмытып кетіпті. Алайда менің жүрегім тенниске берілген. Көпшілік меннен жасым жайлы сұрай береді. Ол сұрақтар мені шаршатты. Ия, мен 36 жастамын. Мансабымды аяқтау ойымда жоқ. Кәрі болсам да «Эверсетті» бағындырмақпын», - деді Франческа.
Айта кетейік, Франческа Скьявоне италиялық теннисші. Спорттық ғұмырында көптеген Мастерс турнирлерін бағындырған. Ашық Франция біріншілігінің иегері. Әлемдік рейтингте үздік жүздікте.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или