Абылайхан Жүсіпов финалда Рио Олимпиадасының жүлдегерінен ұтылды

Абылайхан Жүсіпов финалда  Рио Олимпиадасының  жүлдегерінен ұтылды

Бүгін Ташкентте  өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық кездесулері өтуде.

«Қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қарағандылық Абылайхан Жүсіпов қорғады. Ол ақтық бәсекеде өзбекстандық Шахрам Гиясовпен күш сынасты. Өкінішке қарай, жерлесіміз тәжірибелі қарсыласынан айласын асыра алмады. 

Айта кетейік, бұған дейін жерлестеріміз Василий Левит үшінші рет Азия чемпионы атанса, Ерік Альжанов финалда өзбекстандық қарсыласынан жеңілген еді.  Сонымен қатар,  +91 келі салмақта Қамшыбек Қоңқабаев алаң қожайыны Баходир Джалоловпен күш сынайды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или