Альварес: Головкин WBC белбеуі үшін бір тамшы терін де төккен жоқ

Альварес: Головкин WBC белбеуі үшін бір тамшы терін де төккен жоқ

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Бүкіләлемдік бокс кеңесін чемпиондық титуылды Геннадий Головкинге бергені үшін айыптады.

«Мен бұл белбеуді қанымды, терімді төгіп, құрбандыққа барып жеңіп алдым. Ал мен титулды босатқан кезде, олар (WBC) белбеуді ол үшін бір тамшы терін де төкпеген басқа жігітке (Головкин) бере қойды. Ол, тіпті, жаттығу лагерін де өткізген жоқ, ал оның алдына титулды қоя салды. WBC – құрметтеуге лайық емес ұйым», - деді Альварес.

Естеріңізде салсақ, былтыр Альварес өзіне тиесілі WBC титулынан бас тартқан болатын. Артынша WBC сол белбеуді қазақстандық Геннадий Головкинге берген еді.

Айта кетейік, бұған дейін Канело Головкинмен жекпе-жекте <span>WBC титулын сарапқа салудан бас тартқан болатын. Ұйымның президенті Маурисио Сулейман осыған байланысты өз пікірін айтқан болатын. </span>

<span>Сонымен қатар, бүгін Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавес салмақтарын өлшеді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или