Фируза Шарипова: Токио-2020 алтыны менікі болады!

Фируза Шарипова: Токио-2020 алтыны менікі болады!

Қазақстаннан шыққан кәсіпқой бокстағы тұңғыш әйел боксшы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отыр. 

«4-8 мамыр аралығында Астанада әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. АИБА-ның жаңа ережесі бойынша, кәсіпқой бокстағылар әуесқой бокс жарыстарына қатыса алады. Сол себепті, Токиодағы Олимпиада ойындары алдында Қазақстан чемпионатын жеңіп алып, 60 келі салмақ дәрежесінде жарысқа түскім келеді. Токио-2020 алтыны менікі болады. Алға, Қазақстан! Жаңа биіктерді бірге бағындырайық!», - деп жазды Фируза Шарипова.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или