Давид Лемье: Головкин – керемет боксшы, бірақ оны да жеңуге болады

Давид Лемье: Головкин – керемет боксшы, бірақ оны да жеңуге болады

Канадалық боксшы Давид Лемье қазақстандық Геннадий Головкинмен матч-реванш өткізгісі келетінін айтты.

«Әрине, Головкинмен қайта жұдырықтасқым келеді. Оны қалай ұту керек екенін жақсы білемін. Ол – қарапайым жігіт, бірақ ол да адамның баласы. Оның да осал тұстары бар. Геннадий – керемет боксшы, онымен жекпе-жекте ешкімге жеңіл болмайды. Алайда «Трипл Джиді» де жеңуге болады», - деді Лемье Boxing News 24.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или