Бүгін сегіз боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бүгін Ташкент қаласында бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, он қазақстандық боксшының сегізі 1/2 финалға жолдама алған болатын: Азамат Исақұлов (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Бекдәулет Ибрагимов (64 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Ерік Әлжанов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Құнқабаев (+91 келі).
Күндізгі сессия (Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады)
52 келі. Азамат Исақұлов — Жасурбек Латипов (Өзбекстан)
56 келі. Қайрат Ералиев — Чжан Цзявэй (Қытай)
75 келі. Әбілхан Аманқұл — Исраил Мадримов (Өзбекстан)
81 келі. Ерік Әлжанов — Нурягды Нурядиев (Түркіменстан)
91 келі. Василий Левит — Алаа Элдин Гуссун (Сирия)
Кешкі сессия (Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады)
64 келі. Бекдәулет Ибрагимов — Икболжон Холдаров (Өзбекстан)
69 келі. Абылайхан Жүсіпов — Тувшинбат Буамба (Монғолия)
+91 келі. Қамшыбек Құнқабаев — Хуссейн Яшаиш (Йордания).