Эрик Гомес: Канело Чавестен жеңілсе, Головкинмен кездеспейді
Golden Boy Promotions президенті Эрик Гоместің айтуынша, Канело мен Головкин жекпе-жегіне келісім-шартқа жақын арада қол қойылады.
«Келісімге жақынбыз және біз табысқа қол жеткіземіз деп ойлаймын. Бірақ сенбіде не боларын көруіміз керек. Маңыздысы сол. Егер Канело жеңіліп қалса, Головкинмен жекпе-жек болмайды.
Әрине, оның нокаутпен жеңгенін қалаймыз. Біздің жоспарымыз – Головкинмен қыркүйекте жұдырықтасу. Бірақ алдымен кіші Чавестен өтуіміз керек», - деді Гомес.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес жекпе-жегі биыл қыркүйекте өтеді деп күтілуде. Ал Канело 6 мамырда кіші Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или