Чемурзиев кәсіпқой боксты жеңіліспен бастады

Чемурзиев кәсіпқой боксты жеңіліспен бастады

Ресейдің Екатеринбор қаласында бокстан «Extra Round 2» турнирі аяқталды. Бұл турнир аясында қазақстандық Руслан Чемурзиев кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Руслан ресейлік Сергей Кожухарьге қарсы рейтингілік кездесу өткізген. Ресейлік үшін де бұл кәсіпқой бокстағы дебюті болатын.

Жартылай ауыр салмақта өткен жекпе-жек, өкінішке қарай, Кожухарьдің пайдасына аяқталды. Отандасымыз төрешілер шешімімен жол берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или