Аманқұл қарсыласын үш рет нокдаунға құлатып, жартылай финалға жолдама алды
Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты.
Жарыстың 1/4 финалында жерлесіміз сириялық былғары қолғап шебері Абдул Моуен Азизді үш рет нокдаунға құлатып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетсек, турнирдің бірінші айналымында Әбілхан қытайлық Юн Хан Венді нокдаунға құлатқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или