Әділет Құрметов жарыс жолынан шығып қалды
Қазақстандық боксшы Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінің жартылай финалына шыға алмады.
60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қандасымыз жарыстың 1/4 финалында монғолиялық Отгондалай Доржнямбуммен кездесіп, ұпай шешімімен жеңіліп қалды.
Айта кетер жайт, Әділеттің жекпе-жек барысында қабағы жарылып, кездесу ерте аяқталған болатын. Жеңімпазды төрешілер анықтады. Қазылардың шешімі бойынша моңғолиялық боксшы келесі кезеңге өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или