Левит: Азия чемпионатында ыңғайсыз боксшылар көп

Левит: Азия чемпионатында ыңғайсыз боксшылар көп

Ташкентте бокстан Азия-2017  чемпионатының ширек финалдық кездесулері өтуде. 91 келі салмақта ел намысын Рио Олимпиадасының жүлдегері Василий Левит қорғауда. Бүгін Василий өзбекстандық Санжар Турсуновпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жеткен еді. Жерлесіміз жеңістен кейін Ташкенттегі алғашқы жекпе-жегі жайлы айтып берді.

- Қарсыласыммен бұған дейін рингте жолықпағанмын. Тек оның жекпе-жектерінің бейнешолуын ғана көріп шықтым. Кездесудің бірінші раундында қарсыласымды зерттедім. Екінші және үшінші раундттарда белсенді жұмыс істей бастадым. Қарсыласым шапшаң әрі ыңғайсыз екен. Азия чемпионатында осындай стандартты емес боксшылар көп. Мұндай боксшылармен жақсы бокс көрсету қиынға түседі, - деді Левит.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или