Қайрат Ералиев: Бапкерлердің ұстанымын орындап жеңіске жеттім

Қайрат Ералиев: Бапкерлердің ұстанымын орындап жеңіске жеттім

56 келі салмақта жұдырықтасатын боксшымыз Қайрат Ералиев жапониялық қарсыласын ұтып, жартылай финалға жолдама алған еді. Жеңісті айқастан кейін жерлесіміз өз ойымен бөлісті.

«Алғашқы кездесуім қиын болған еді. Екінші кездесуге дейін толық адаптациядан өтіп, өзімді жақсы сезіндім. Ширек финалдық кездесу де айтарлықтай оңай болды деп айта алмаймын. Себебі қарсыласым физикалық тұрғыда жақсы дайын екен. Алайда мен бапкерлердің ұстанымын орындап, жеңіске жеттім деген ойдамын. Тапсырма бойынша жапониялық боксшыны алдап жұдырықтастым. Кездесу барысында қарсыласыммен қақтығысып, кішігірім жарақат алдым. Құдайға шүкір, қабағым жарылған жоқ. Жартылай финалдық айқаста жеңіске жету үшін барлығын жасаймын», - деді Ералиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или