Юлия Путинцева Рабат турнирінің екінші кезеңіне өтті

Юлия Путинцева Рабат турнирінің екінші кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Рабат турнирінің бірірнші раундынан сүрінбей өтті. Ол германиялық қарсыласы Андреа Петковичті екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңді.<br /><br /> Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды. Әлемнің 32-ші ракеткасы саналатын жерлесіміз ойында жеті брейк және екі эйс жасады. Путинцева Grand Prix SAR La Princesse Lalla Meryem жарысының екінші айналымында америкалық Варвара Лепченкомен күш сынамақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или