Ержан Жомарт: Ол да адам баласы, оның да осал тұстары бар

Ержан Жомарт: Ол да адам баласы, оның да осал тұстары бар

49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін боксшымыз Ержан Жомарт Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына шықты. Алғашқы айналымнан сүрінбей өткен отандасымыз өз ойымен бөлісті. 

- Тайпейлікке қарсе жекпе-жек оңай болған жоқ. Әрине, мен өзіме сенімді болып, бірінші нөмірмен жұмыс істедім. Алайда рингте көптеген ойларымды жүзеге асыра алмадым. Келесі кезеңде бірінші рейтингілі Хасанбой Дусматовпен кездесемін. Жекпе-жек қиын болатыны сөзсіз. Мен жеңу үшін барлығын жасауға дайынмын. Ең бастысы баспен жұмыс жасау қажет. Ол адам баласы, оның да осал тұстары бар, - деді Ержан

Айта кетейік, Ержан Жомарт Ташкенттегі алғашқы жекпе-жегінде тайландтық Хон Да Линді 3:0 есебімен жеңді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или