Astana Arlans ширек финалда ресейлік командамен кездеседі
Қазақстандық Astana Arlans клубы бүкіләлемдік бокс сериясының ширек финалында ресейлік Patriot Boxing Team клубымен кездеседі.
Алғашқы кездесу он бірінші мамырда Кемеровта өтеді. Ал жиырмасыншы мамырда «Арландар» қарсыластарын Алматыда қабылдайды.
Қос команда биылға маусымда алғаш рет кездесейін деп отырған жоқ. Олар С тобында бірге сынға түсіп екі рет жолыққан болатын. Ресейде өткен кездесуде де, Таразда өткен бокс кешінде де қазақстандық команда жеңісті тойлаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или