Фрэнк Уоррен: Сондерс Хурцидземен жұдырықтасуға міндетті
Британиялық боксшы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уорреннің айтуынша, оның шәкірті грузиялық былғары қолғап шебері Автандил Хурцидземен жұдырықтасады.
«Хурцидзе - мықты боксшы. Ол өте жиі нокаутпен жеңеді. Сондерс онымен жұдырықтасуға міндетті. Біз бұл жекпе-жекті шілденің 8-і, Лондонда ұйымдастыруға тырысамыз», - деді Уоррен BoxingScene сайтына.
Естеріңізге сала кетсек, Автандил Хурцидзе бүгін британиялық Томми Лэнгфордты нокаутпен жеңіп, WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или