Рамирес Головкинді жекпе-жекке шақырды
WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы Гильберто Рамирес украиналық Макс Бурсакты сенімді жеңген соң, үлкен жекпе-жектерге дайын екенін айтты.
«Қолымнан келді! Бірақ жұмысымды жалғастыруым керек. Менің қолым 100% айықты және Бурсакпен кездесуде еш жерім ауырған жоқ. Геннадий Головкин кездесуді қаласа, онымен жұдырықтасуға дайынмын», - деді Рамирес.
Сондай-ақ, мексикалық боксшы Сауль Альварес – кіші Сезар Чавес жекпе-жегінің жеңімпазымен де кездескісі келетінін айтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или