Аstana Arlans China Dragons-тан басым түсті

 Аstana Arlans China Dragons-тан басым түсті

 Аstana Arlan Қытайда China Dragons-тан басым түсті.

Бірінші кездесуде қытайлық Гуо Жан Анвар Музапаровтан басым түсті. Төрешілер 3:0 (49:46, 49:46, 49:46) есебімен жеңісті жергілікті боксшыға берген.

60 келіде Закир Сафиуллин қытайлық Сен Ванды оңай жеңіп кетті. Бірақ төрешілердің біреуі жеңісті Ванға берген болатын. Дегенмен қазақстандық 2:1 (49:46, 49:46, 47:48) есебімен басым түсті.

Кештің үшінші жекпе-жегінде 69 келіде Асыланбек Шымбергенов Ричабилиге Хуричабилигеден ұтылып қалды. Бокшылар кездесудің соңына дейін жұдырықтасып, нәтижесінде қазылар 3:0 (48:47, 48:47, 48:47) есебімен қытайлық боксшыға жеңісті берді.

Төртінші болып рингке шыққан Арман Рысбек кездесуді уақытан бұрын аяқтады. Жекпе-жектің жарты минуты өткеннен кейін Лид Ван нокаут алды.

Ал соңғы кездесуде 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Олжас Бұқаев қарсыласынан басым түсіп, командасына жеңіс сыйлады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или