Том Леффлер Геннадий Головкинді үздік атануымен құттықтады

Том Леффлер Геннадий Головкинді үздік атануымен құттықтады

Промоутер Том Леффлер Бүкіләлемдік бокс кеңесінің  (WBA) нұсқасы бойынша наурыздың үздік боксшысы атанған қазақстандық Геннадий Головкинді құттықтады.

«Геннадий Головкин – 2017 жылы наурыздың үздік боксшысы. GGG-ді бұл жүлдені кезекті рет жеңіп алуымен құттықтаймын», - деп жазды Леффлер твиттерде.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин наурызда америкалық Дэниэл Джейкобсты төрешілер шешімімен жеңіп, WBA, WBC және IBO титулдарын қорғап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или