Альварес: Чавеспен кездесу Головкинге дайындығым емес

Альварес: Чавеспен кездесу Головкинге дайындығым емес

Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкиннің күш-қуаты, дайындығы мен амал-тәсілдерінен қорықпайтынын айтты.

«Үлкен әсер алған жоқпын. Менің әр қарсыласым жақсы дайындалып, тамаша қалпында болады. Мені бұл қорқытпайды. Мен де жақсы дайындаламын, «физикам» жақсы және мықты боксшымын. 15 жасымнан бастап менен үлкендеу әрі мықтылау адамдармен жұдырықтасқанмын, ешкімнен қорыққан жоқпын. Чавеспен кездесу Головкинге дайындығым емес, жәй ғана жекпе-жек болады. Басқа боксшылар туралы ойламаймын», - деді Канело.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или