Хильберто Рамирес: Меніңше, Головкин мен Альварес жұдырықтаспайды
Суперорта салмақта әлем чемпионы Хильберто Рамирес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өтуі мүмкін жекпе-жегі жайлы айтты.
«Мен тек үздік жекпе-жектерді ғана өткізгім келеді. Ең алдымен, сенбідегі кездесуімде жеңіске жетуім қажет екенін айтқанмын. Мен қашан да алдағы қарсыласқа дайындаламын, тым алысқа жүгірмей-ақ қояйын. Головкин Канелоны күтіп жүр, себебі бұл тамаша жекпе-жек болар еді. Бірақ бұл кездесу өтеді деп ойламаймын. Меніңше, Канело өзіне GGG-мен кездесуді алмайды. Не боларын көрерміз. Мен Р4Р-боксшы болғым келеді, ал Головкин – үздіктердің бірі, сондықтан болашақта біздің жекпе-жегіміз болып қалуы мүмкін», - деді мексикалық боксшы Los Angeles Times тілшісіне.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или