Қанат Ислам: Канело, Котто, Лара немесе Пакьяоны жеңгім келеді

Қанат Ислам: Канело, Котто, Лара немесе Пакьяоны жеңгім келеді

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам рингте кездескісі келетін қарсыластары туралы айтты.

«Ең мықты боксшылармен жұдырықтасқым келеді. Кез келген чемпионмен кездесуге дайынмын. Сауль Альварес, Мигель Котто, Эрисланды Лара немесе Мэнни Пакьяоны жеңгім келеді! Бұл менің арманым емес, мақсатым. Бокстың барлық фанаты жақында осылай айтып жүреді. Осы мақсатқа жету үшін талмай еңбек етіп жатырмын. Бұл боксшылардың бәрін де құрметтеймін, себебі әлемдегі мыңдаған былғары қолғап шеберлерінің ішінен чемпион атану қиын. Олардың әрқайсы да бірегей. Өз елінің абыройы үшін жұмыс істейтін адамдарды қашан да құрметтеймін. Бірақ олар да мен секілді адамдар.

Менің фанаттарыма: сіздерді ұзақ күттірмеймін, жақын арада менің әлем чемпионы титулына таласып жатқанымды көресіздер», - деді Ислам Worldboxingnews.net-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қанат бұғн дейін келесі жекпе-жегін мамырдың аяғында өткізетінін айтқан болатын. Қарсыласының есімі осы аптада анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или