Жеңілмеген боксшы Головкинмен жұдырықтаспақ
WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы, мексикалық Хильберто «Зурдо» Рамирес (34-0, 24 КО)қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) болашақта айқасатына нық сенімді, деп хабарлайды Fight Hub.
«GGG екеуміздің жекпе-жегіміз өтуі ықтимал. Ол кездесуді екеуміз де қалаймыз. Жекпе-жек осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында өтуі мүмкін. Оның күші бар, бірақ менің ойымша, барлық боксшыда күш болады және олардың кез келгеніне жанына батар соққы жасауға болады, сондықтан біз осы айқасты өткізгіміз келеді. Мен бұл жекпе-жекте жеңіске жететінімді және халыққа тіс батпайтын адамның болмайтындығын көрсеткім келеді. Бірақ, ең алдымен 22 сәуір күні Макс Бурсакпен айқасқа шығамын», - деді Рамирес.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или