Жанқош Тұраров алдағы жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанбақ
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров алдағы жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
<span>«Ассалаумағалейкүм, ардақты ағайын! Ертең АҚШ еліне Майами қаласына оқу-жаттығу жиындарына аттанамын. Мақсатымыз алдағы жекпе-жекке дайындық. Қазіргі таңда промоутерім келешек қарсыласымды анықтау үстінде. Келіссөздер жүріп жатыр. АҚШ - та рингте екі кездесу өткізу жоспарымызда бар. Алла сəтін берсін! Қолдау білдіріп, əркез жігерлендіріп отыратын жанкүйерлерге мың алғыс. Осы мақсатымыз ойдағыдай орындаларына сенеміз. Алла бұйыртса «EXPO-2017» көрмесі аясында да жұдырықтасуым мүмкін. Жақын уақытта жақсы жаңалықтар күтіңіздер. Іске сәт!!!», - деп жазды боксшы өзінің Фэйсбуктегі парақшасында.</span>
<span> Айта кетейік, 26 жастағы Жанқош Тұраров кәсіби рингте 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.</span>