Жанқой Тұраров жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров кəсіпқой бокстағы келесі кездесуіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанады. Бұл туралы ол жеке парақшасында жазған.
«Ассалаумағалейкүм, ардақты ағайын! Ертең АҚШ еліне Майами қаласына оқу-жаттығу жиындарына аттанамын. Мақсатымыз алдағы жекпе-жекке дайындық. Қазіргі таңда промоутерім келешек қарсыласымды анықтау үстінде. Келіссөздер жүріп жатыр. АҚШ - та рингте екі кездесу өткізу жоспарымызда бар. АЛЛА сəтін берсін! Қолдау білдіріп, əркез жігерлендіріп отыратын жанкүйерлерге мың алғыс. Осы мақсатымыз ойдағыдай орындаларына сенеміз. АЛЛА бұйыртса "EXPO-2017" көрмесі аясында да жұдырықтасуым мүмкін. Жақын уақытта жақсы жаңалықтар күтіңіздер. ІСКЕ СƏТ!!!» - деп жазды Тұраров инстаграм желісіндегі парақшасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или