«Астана арландары» ширек финалдық жекпе-жегін Алматыда өткізеді
«Астана арландары» ширек финалдық жекпе-жегін Алматы қаласында өткізеді.
Ширек финалға шыққан командалар екі кездесу өткізеді. Оның бірі — өз алаңында, екіншісі — қарсылас команданың үйінде болады. Ал «Астана арландарының» ширек финалдағы бірінші кездесуі 20-шы мамыр күні «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Елордалық клубтың ширек финалдағы қарсыласы әлі анықталған жоқ. «Астана арландары» ширек финалдың жолдамасын еншілеп қойған болатын. Арландарымыз сəуір айының 21 — жұлдызында аспан асты елінде «Қытай айдаһарларына» қарсы кездесу өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или