Тайсонның бапкері: Джейкобс Головкинді әшкереледі

Тайсонның бапкері: Джейкобс Головкинді әшкереледі

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, америкалық бапкер Бадди Макгирт BoxingNews24 басылымына берген сұхбатында отандасы Даниэл Джейкобстың қазақстандық Геннадий Головкинмен өткізген жекпе-жегіндегі әрекеттерін жоғары бағалады. Бұл туралы Тengrinews.kz жазды. 

Бапкер Бадди Макгирт Майк Тайсон, Артуро Гатти, Джеймс Тони және басқа да боксшылармен жұмыс істеген.

«Меніңше, GGG әшкере болды. Мен үнемі оған оның соққысын ұстай алатын мықты боксшы пайда болса, жұмбағы шешілетінін айтатынмын. Осылай болды да. Мен таңғалып жүрмін», - деді Бадди Макгирт.

Айта кетейік, америкалық бапкер осыған дейін ақпан айының басында әйелдер арасында қазақстандық жалғыз кәсіпқой боксшы Фируза Шариповаға бірге жұмыс істеуді ұсынған болатын.

Естеріңізде болса, қазақстандық боксшы 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Жекпе-жек күні салмақ өлшеуден бас тартқаннан кейін Джейкобс IBF тұжырымының чемпиондық белбеуіне таласу құқығынан айырылып қалған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или