Макгрегор боксшы лицензиясын алуы ықтимал
Daily Star ақпаратына сүйенсек, Невада штатының атлетикалық комиссиясы UFC чемпионы Конор Макгрегорға боксшы лицензиясын беруі мүмкін. Соның арқасында, ирландиялық спортшы кіші Флойд Мейуэзермен жұдырықтаса алады.
«Оған лицензия бере аламыз. Сондай ниеті болса, біз қабылдаймыз. Конор 12 жасында кикбоксингті таңдады, жас кезінде Ирландия чемпионы атанды. Қателеспесем, UFC-дегі жекпе-жектерінің 17-сін нокаутпен аяқтаған. Демек ол ММА-да соққы жасай алатыны анық. Оның қолынан жұдырықтасу келеді», - деді комиссар Боб Беннетт.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или