Шәрібаев WBA аймақтық титулына таласады

Шәрібаев WBA аймақтық титулына таласады

Қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев кәсіпқой рингтегі келесі кездесуін 22 сәуірде Атлантик Ситиде (Нью-Джерси штаты, АҚШ) өткізеді.

Оның қарсыласы – 27 жастағы америкалық Зак Рамзи (8-1, 4 КО). Боксшылар жеңіл салмақта WBA NABA-USA белбеуін сарапқа салады. Айдар жекпе-жекке Майамидегі «Moro’s Gym» залында дайындалып жатыр.

27 жастағы отандасымыз бүгінге дейін бес кездесу өткізіп, оның бәрін жеңіспен аяқтаған. 4 жекпе-жекті нокаутпен тәмамдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или