Жас балуандарымыз Әзірбайжаннан олжалы оралды

Жас балуандарымыз Әзірбайжаннан олжалы оралды

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасы «Әзірбайжан күрес федерациясының кубогы» халықаралық турнирінде жалпыкомандалық екінші орын алды.

Ернар Фидахметов 60 келі салмақ дәрежесінде екінші орынға табан тіреді. Ол финалда украиналық балуанға жол берді. Бұл салмақта қола медальдарды Ернұр Фидахметов пен Асылбек Қосаманов еншіледі.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта Қаһарман Қисметов финалға шығып, жергілікті балуаннан жеңіліп қалды. 74 келіде бақ сынаған Илимдор Сатоев та осындай нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, Алпамыс Дастанбек (50 кг), Олжас Сырлыбай (96 кг) мен Антон Савенко (120 кг) қола жүлде алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или