Шон Кэмерон: Әшкеевтің жекпе-жектерін Youtube-тан көрдім

Шон Кэмерон: Әшкеевтің жекпе-жектерін Youtube-тан көрдім

Америкалық боксшы Шон Кэмерон қазақстандық Мадияр Әшкеевке қарсы алдағы кездесуі жайлы пікірін айтты.

«Әшкеев өте тәжірибелі әуесқой боксшы секілді, Бүкіләлемдік бокс сериясына (WSB) қатысқан, бұл жігіттердің әуесқой мансаптары тамаша өтеді. Оның үстіне, ол Қазақстаннан, ал Головкинді бәрі таниды. Көптеген жігіттер, Головкинге ұқсағысы келеді. Оның ішінде мен де бармын. Мадиярдың кей жекпе-жектерін Youtube-тан көргенмін: мықты жігіт, қашан да алға ұмтылады, бірақ бұл жайында қобалжымаймын. Себебі физикалық тұрғыда дайынмын. Маңыздысы, өз боксымды көрсетуім керек. Өте ауыр қарсылас күтіп тұр, менің мақсатым – осы кеште жеңімпаз атану. Өткен жолы жекпе-жек өткізген жерде қайта жұдырықтасамын. Сондықтан маған қолдау көрсету үшін отбасым, достарым, көршілерім, залдағы адамдар келеді», - деді Кэмерон.

Айта кетейік, Әшкеев – Кэмерон кездесуі бүгін Анкасвиллда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или