Актер Хью Джекман Новак Джоковичті кездесуге шақырды
Актер Хью Джекман Instargam-дағы өзінің парақшасында теннисші Новак Джоковичті теннис матчын өткізуге шақырды.
«Біреудің теннис ойнағысы келе ме? Біреу деп тұрғаным сен, Новак Джокович», - деп жазды Джекман. Спортшы актердің бұл ұсынысына әлі жауап қатпады.
Айта кетейік, Джокович бүгінде АТР рейтингісінде екінші орында келеді. Серб өз мансабында «Үлкен Дулағы» сериясындағы турнирлерді 12 рет жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или