Чавес Канелоға: Головкинге чемпиондық белбеуді бере салған мен емес
Мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес (50−2−1, 32КО) отандасы Сауль Альварес (48−1−1, 34КО) жайлы пікір білдірді. <br /><br /><span>- Головкинге чемпиондық белбеуді бере салып, онымен кездесуден қашып жүрген мен емес. Канело бұл сөздерден кейін маған ренжіп жүр. Оның Геннадийден қорқып жүргенін бетіне айттым. Альварес қайдағы жоқ салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. 6-шы мамыр күні мен оны жазалаймын. Ол мені нашақор деді ме? Шын мәнінде, ол Генаға қатысты шындықты көтере алмады, - Чавес Boxing Scene сайтына. </span>
<span>Естеріңізге сала кетсек, қос боксшы арасындағы кездесу мамырдың 6-ы, Лас-Вегас қаласында өтеді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или