Балуандар Бакуде сәтті өнер көрсетті

Балуандар Бакуде сәтті өнер көрсетті

Қазақстандық грек-рим күрес шеберлері Бакуде өткен халықаралық «Әзірбайжан Федерациясының кубогы» турнирінде 9 медаль алды.

Нұрсұлтан Базарбаев 50 келіде екінші орын алды. Дәл осы салмақта Ерназар Қосов қола медаль алды.

Еламан Аюп 85 келіде екінші орын алса, осы салмақтағы екі қоланы да отандастарымыз Андрей Егоров пен Дәурен Аманғалиев ұтып алды.

Сонымен қатар турнирде Дінмұхамед Қошқар (46 келі), Асаухат Мұхамадиев (63 келі), Дәулет Жалғасов (76 келі), Әсет Буриев (100 келі) үшін орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или