Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы ауысты

Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы ауысты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы анықталды.

Ол өзінің екінші кездесуін 15 сәуір күні өткізбек. Бұдан бұрын Мейірім Америкалық Обафеми Бакаремен (3-1) кездесуі керек болатын. Бірақ қарсыласы шаршы алаңға шығудан бас тартты. Енді ол мексикалық боксшы Хавьер Ольверамен (1-0, 1КО) айқасады.  Кездесу АҚШ-тың Анкасвилл қаласында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтанов алғашқы кездесуін өткен жылдың соңында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізіп, жергілікті боксшы Генри Бекфордты тізе бүктіріп, алғашқы жеңісіне қол жеткізген болатын.  

<br />

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или