Стив Ким: GGG мен Джейкобс кездесуін екі рет көрдім – Головкин жеңді
UCNLive.com журналисі Стив Ким Геннадий Головкиннің Дэниэл Джейкобсты жеңгеніне күмән келтіруді доғару керегін айтты.
«Джейкобс үлкен жұмыс атқарды, бірақ бұл жеңіс үшін жеткіліксіз болды. Кездесу барысын көрсек, оның жеңісі логикаға сай келмейді. Егер ол Головкинді көбірек ұрса, жеңіске үміттене алар еді. Әділетті есеп – Головкиннің пайдасына 116:111. Бұл жекпе-жекті екі рет көрдім: өз көзіммен рингтің қасында отырып, кейін теледидарда қайталауын – екі сәтте де Головкин жеңіске жетті. Бірақ біреудің пікірін өзгерткім келмейді», - деп жазды Ким твиттерде.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Джейкобс 19 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де кездескен. Қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или