Фредиус Рохас: Реванш өтсе, Джейкобс Головкинді жеңеді
Бокс бапкері Фредиус Рохас қазақстандық Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс кездесуі жайлы пікірімен бөлісті.
«Көбі бұл жекпе-жекте Джейкобс жеңді деп ойлайды. Ең болмағанда, көптің күткенінен жақсырақ өнер көрсетті. Бұл жақын кездесу болды. Егер реванш өтсе, Джейкобс жеңеді деп ойлаймын. Дэнни, расымен де, тамаша көрінді, сондықтан Головкин реванш өткізе қоймайтын шығар – бұл кездесуді жанкүйерлер қалайды. Бірақ, білесіз бе, бұл жекпе-жек – жақсы фильм секілді: адамдар жаңа сериясын күтіп, қашан шығатынын сұрап жатады», - деді Рохас.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Джейкобс 19 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де кездескен. Қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның мансабындғы алғашқы 12-раундтық кездесу болды.