Джейкобс GGG-ге қарсы қандай айла қолданды

Джейкобс GGG-ге қарсы қандай айла қолданды

Boxingscene.com порталының журналисі Стивен Эдвардс америкалық Дэниэл Джейкобстың қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы кездесуде қандай тәсілге барғанын айтты. 

«Көптеген адамдар GGG-дің панчер ғана емес екенін түсінбейді. Ол жақсы жұдырықтасады. Бұл тұрғыда ол Хулио Сесар Чавес пен Марвин Хаглерге ұқсайды. Дене-бітімі туралы айтар болсақ, Головкин орта салмақтағы кішкентай боксшы дей алмаймын. Денесінің көлемі жақсы – өз стиліне келеді. Егер ештеңе  істемесе, 180 фунт болар еді. Бірақ ол кәсіпқой спортшы, талмай жаттығу жасайды. Тарихта орта салмақтағы үздік боксшылардың денесіне қараңдаршы – GGG олардан қалыспайды. Салмақ өлшеуге келер болсақ, Джейкобстың командасы бұл тұрғыда Головкиннің командасына қарағанда ақылдырақ болды. Салмақты өлшеп алып, келесі күні IBF-дің салмақ өлшеуіне қатыспау – тамаша шешім. Джейкобс ауырлау болған, сондықтан рингте өзін жақсы сезінді. Соның арқасында жақсы жекпе-жек өткізді. Мұндай кішкентай тәсілдер үлкен нәтиже алып келуі мүмкін», - деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Джейкобс 19 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де кездескен. Қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның мансабындғы алғашқы 12-раундтық кездесу болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или