Әшкеев пен Нұрсұлтанов Коннектикутқа аттанды

Әшкеев пен Нұрсұлтанов Коннектикутқа аттанды

Қазақстандық боксшылар Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов Лос-Анджелестен Анкасвилл (Коннектикут штаты, АҚШ) қаласына аттанды. Бұл жақта боксшылар өз жекпе-жектерін өткізеді.

Аталмыш бокс кеші 15 сәуірде болады. Әшкеев сегіз раундтық кездесуде америкалық Шон Кэмеронмен жұдырықтасады. Ал Нұрсұлтанов алты раундтық жекпе-жекте мексикалық Хавьер Ольверамен күш сынаспақ.

«Жекпе-жекке үш күн қалғанда Коннектикутқа ұштық. Бізге сәттілік тілеңіздер!», - деп жазды Әшкеев Инстаграмдағы парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или