Джошуа Кличконы жеңетініне сенімді
Ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа алда болатын Владимиром Кличкомен кездесу жайлы ойын айтты.
«Кличконы накаутқа түсіремін деп ойлаймын. Мен ырымға сенгіш адам емеспін. Алайда, мен оны құлататынымды сеземін. Мүмкін мен оған қарсы соққы жұмсап кездесу тағдырын шешетін шығармын. Бірақ бұл жылдам болмайды. Себебі Кличко өте тәжірибелі боксшы. Мен бірақ оны жеңудің жолын табамын», — дейді Джошуа.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или