Канело: Джейкобс мақтауға тұрарлық боксшы, бірақ мен одан да мықтырақпын

Канело: Джейкобс мақтауға тұрарлық боксшы, бірақ мен одан да мықтырақпын

Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) Головкинмен болуы мүмкін жекпе-жек жайлы айтты. 

«Мен және менің командам Головкиннің қандай боксшы екенін білетінбіз. БАҚ пен бүкіл әлем енді көріп жатқан нәрсені біз баяғыда-ақ көріп қойғанбыз. Джейкобстың көрсеткен боксы мақтауға тұрарлық. Бірақ мен одан да мықтырақпын. Головкин артқа қайтуды және соққыдан қашуды білмейді. Алыс қашықтықта қалай жұдырықтасу керектігін де білмейді. Оның күші бар. Дегенмен ол тек жақын қашықтықта соққы жұмсай алады. Сен оның алдында тұрсаң, әрине, сені соққының астына алады. Бірақ мен сияқты рингте қозғала алатын біреу шықса, ол оңбай ұтылады», - деді Канело Los Angeles Times-ке берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или