Қанат Ислам титулдық жекпе-жекке дайындалу үшін АҚШ-қа ұшып кетті
Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықтың соңғы кезеңін өткізу үшін АҚШ-қа ұшып кетті. Бұл туралы ВКонтактедегі кәсіпқой бокс парақшасы хабарлаған.
Қазақстандық Майамиде жаттығу жасайды. Содан кейін мамырдың ортасында жекпе-жек өткізеді. Айта кету қажет, Қанат Ислам сол кездесуде титул үшін жұдырықтаспақ. WBC тұжырымының аймақтық чемпионына берілетін белбеу осы кеште сарапқа салынады деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или