Yahoo Sports ақпаратына сүйенсек, 35 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин британиялық Билли Джо Сондерспен кездесу өткізбейді.
Айта кету керек, Головкиннің командасы ұзақ уақыт бойы британиялықпен келіссөз жүргізген болатын. Олардың кездесуі 10-шы маусым күні Қазақстанда өтеді деп күтілген.
Дегенмен GGG мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекке дайындалу үшін, маусымдағы кездесуден бас тартуға дайын.