Мәнерлеп сырғанаудан үш дүркін әлем чемпионы мансабын аяқтады
Танымал жапониялық мәнерлеп сырғанаушы Мао Асада үлкен спортпен қош айтысатынын айтты.
26 жастағы спортшы 2010-шы жылы өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болған. Сондай-ақ, Асада үш рет әлем чемпионатын жеңген.
«Бұл мен үшін маңызды шешім болды. Үлкен спортқа қайта оралған соң жоғары нәтижелерге жете алмадым. Сондықтан, спортпен қош айтысуды жөн көрдім. Кәсіпқой мансабымды жалғастыратын күш қалмады», - деді Асада Daily Mail сайтына.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или