Жақсылық Үшкемпіров жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізеді

Жақсылық Үшкемпіров жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізеді

Грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

<span>«Сәуірдің 11-і күні Алматыдағы «Халық арена» мұз айдынында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жеткіншектермен кездесіп, шеберлік сабағын өткізеді. Жас буын өкілдері даңқты палуаннан күрестің айла-тәсілдерін үйренуге мүмкіндік алады», - делінген Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы берген хабарламада.</span>

<span>Айта кетерлігі, Алматыда мұндай шеберлік сабақтары әр 10 күн сайын атақты спортшылармен өтетін болады. Осындай мүмкіндікті пайдаланып жеткіншектер еліміздің белді палуандарымен, оның ішінде Олимпиада жүлдегерлері, әлем, Азия және Еуропа біріншіліктерінің және көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздарымен шеберліктерін шыңдайды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или