Абель Санчес – Головкиннің алдағы жоспарлары жөнінде
Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің алдағы жоспарлары мен Дэниэл Джейкобсқа қарсы өтуі мүмкін реванш туралы айтып берді.
«Біздің жақын арадағы болашағымыз толық жоспарланған. Реванш өтетін болса, 3-4 жекпе-жектен кейін ғана ұйымдастырылады. Геннадий қыркүйекте бір кездесу өткізеді. Егер қарсыласы Канело болса, сонымен кездеседі. кейін 20-шы рет чемпиондық титулын қорғауға кіріседі. 21 рет қорғап, Хопкинстің рекордын бұзу үшін орта салмақта қала ма? 160 фунтта қала ма немесе жыл соңына дейін 168-ге көтеріле ме, білмеймін. Головкинмен кездескісі келіп жүрген тағы бір боксшы – Хильберто Рамирес. Сондықтан, екінші орта салмақта да таңдауымыз бар. Алдағы үш немесе төрт жекпе-жек жоспарланып тұр. Джейкобспен рематч 5-6 кездесуден соң өтуі ықтимал», - деді Санчес.
Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегінде Джейкобсты төрешілер шешімімен жеңген болатын. Енді маусымда Астанада британиялық Билли Джо Сондерспен кездеседі деп күтілуде. Жалпы алғанда, GGG биыл әлі үш жекпе-жек өткізбек.