Мартин Мюррей: 160 фунтта GGG-ді ешкім жеңе алмайды
Қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы британиялық Мартин Мюррейдің пікірінше, орта салмақта ешкім GGG-ді жеңе алмайды.
«Сондерс – тамаша боксшы, бірақ Головкинге қарсы жекпе-жекте онда еш мүмкіндік жоқ. 160 фунтта GGG-ді ешкім жеңе алмайды. Ол Джейкобсқа қарсы кездесуде әдеттегіден нашар өнер көрсетті, алайда орта салмақтағы екінші үздік боксшыны жеңе алды», - деді Мюррей.
Айта кетейік, Головкин мен Мюррей 2015 жылы 21 ақпанда Монте-Карлода кездескен. Геннадий британиялық боксшыны 11-раундта нокаутқа түсірген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или