Ғұсман Қырғызбаев Антальядағы Гран-приде топ жарды

Ғұсман Қырғызбаев Антальядағы Гран-приде топ жарды

Антальядағы дзюдодан Гран-при жарысында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев алтын медаль алды. Жерлесіміз 60 келіде топ жарды. 

Ғұсман Қырғызбаев жарыс жолында моңғолиялық Амартувшин Баяпа, Қытай Тайпейінен келген Вей Юнг Янгты қапы қалдырып, финалда түркиялық Бекир Озлудан басым түсті. 

Естеріңізге сала кетейін, бүгін тағы бір жерлесіміз Галбадрах Отгенцэцег өз салмағында жеңімпаз атанған болатын. Дзюдошы жарыс барысында түркиялық Гулкадер Сентуркті, ресейлік Сабина Гилиязованы және финалда израильдік Шира Ришониді ұтып кетті. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или