Батыр Жүкембаев - IBO тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионы
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Канаданың Монреаль қаласында чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізді.
Отандасымыз IBO International титулы үшін мексикалық былғары қолғап шебері Косме Риверамен кездесіп, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Жекпе-жек жетінші раундта аяқталды. Бұған дейін Батыр қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп үлгерген. Жетінші кезеңде мексикалық боксшы Жүкембаевтың соққыларына шыдай алмай, бас төреші кездесуді тоқтатты.
Осылайша, Батыр кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісіне жетіп, IBO тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или